28.11.2023, 16:45
Оқылды: 4

Жолақыны көтеруге негіз жоқ

Таяу Казталов ауданы Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Ғаділбек Әлбекұлы, аудандық мәслихат депутаттары Рауан Есенғалиев, Мәди Меңдешев Жалпақтал ауылының орталығындағы орталық автотұрақта ауылдағы бірқатар такси жүргізушісімен кездесті.

Ж-Пресске фото 28.11.23 жыл (1)

Кездесудің басты себебі 2023 жылғы 22-24 қараша күндері ауа райының күрт өзгеріп, тосын мінез көрсеткен алмағайып күндерінде Жалпақтал-Орал бағытындағы такси жүргізушілерінің бағаны 4 мың теңгеге көтергендігі жөнінде болды.

Ешқандай жану-жағар май басқалай қызметтердің бағасында еш өзгеріс болмаған сәтте бағаны өсіруге еш негіз жоқ екендігі жүргізушілерге  ескертілді.

Осы күнге дейін 3 мың теңге болып келген такси бағасын өзгеріссіз қалдыру жөнінде тұрғындар мен жергілікті атқарушы орган өкілдерінің талабы ескерілді.

Жолақы құны 3 мың теңге болып өзгеріссіз қалды. Тұрғындар тарапынан такси жүргізушілеріне деген бірқатар наразылық та айтылды.

Миржан Қарабалин,

Казталов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале