2.09.2022, 1:18
Оқылды: 4

Жолдама бар, жолақы жоқ  

Көктем айында ғана Алматы облысының Талғар қаласында Қазақстан Республикасының чемпионатында 55 келі салмақ дәрежесінде бұлдыртылық Рүстем Жәдігер қос қолымен күш сынасып, Азия Чемпионатына жолдама алып, кейіннен ​ Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында өткен ХХ Азия чемпионатында қос қолымен күш сынасып, күміс жүлдегер атанған болатын.

image-01-09-22-11-22-2

Бапкері Төлеген Құраштың айтуынша, қол күресінен 5 жылдық тәжірибесі бар Рүстем бүгінде қол күресінен Қазақстан Республикасының, облыстың 5 дүркін жеңімпазы, Азия чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері, 4 жылда бір келетін халық ойындарының ауыл жасөспірімдері арасында республика деңгейінде жүлдегері.

image-01-09-22-11-22-4

Бір басына атағы айға жетіп тұрған жас чемпионның бүгінгі таңда Түркияның Анталия қаласына алған жолдамасы болғанмен, жолақысы жанды қинап тұр.

Қол күресінен спорт шеберіне үміткер жас армспортшы Рүстем Қанатұлының Түркиядағы күш сынасуы тек аудан, облыс емес, республикамызды танытар дода болғалы тұр.

“Болам деген баланың бетінен қақпа, белін бу” деген қазақпыз ғой. Қаршадай баланың Қазақстанның атын шығарар мүмкіндік күнде туа бермейтіні анық.​

Рухты, намысты қолдан бермеген, болашақ Қажымұқандай күш иелерін неге қолдамасқа?!

- Шәкіртімнің дайындығы бабында тұр. Жеңіспен ораларына да бек сенімдімін. Бабында тұрған кезде бел буып, тәуекел етпесек, баланың бағын байлайтын секілдіміз, - деп жанайқайын білдірді бұлдыртылық бапкер.

Оқырмандар назарына Рүстем Қанатұлының бапкері Төлеген Құраштың Kaspi есепшотының нөмірін жолдап отырмыз. “Өзіміздің елдің баласы” деп жанашырлық танытып қолдайтын оқырмандар үшін.​

87769227117- Төлеген Құраш

Kaspi Gold: 4400 4301 2128 3656

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале