20.09.2021, 14:32
Оқылды: 37

Жолдау арқау болған жиын

Бүгін Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Казталов ауданы әкімі Альберт Есалиевтің төрағалығымен идеологиялық актив жиыны өтті.

20210920_113452
Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, округ әкімдері, мекеме, бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.
Аудан басшысы Президент Жолдауы елдің алдағы даму стратегиясын айқындағанын атап өтіп, Жолдаудан туындайтын міндеттер туралы хабарлама жасады.

– Ел Президенті пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан əрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, адам құқығын қорғауға бағытталған бастамаларын жариялады. Осылайша, қазақстандықтардың əл-ауқатын арттырудағы негізгі бес бастама айқындалды. Жолдауда айтылған барлық бағыттар бойынша ауданда нақты шаралар қабылданып, іске асырылатын болады, – Альберт Темірболатұлы.
Аудан əкімі стратегиялық маңызды құжатта Мемлекет басшысы өңірлерді дамыту жоспарларын бекітілген жалпыұлттық міндеттерге сəйкес жаңарту қажеттігі туралы айтып, Жолдауда айқандылған бес бастамаға да тоқталып өтті.

20210920_111444
Жиында аудандық аурухана директоры Зейнұр Сəткеш, аудандық мəслихат депутаты Абылай Шакуов баяндама жасап, Жолдаудан туындайтын міндеттерге тоқталды.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы идеологиялық активке қатысушыларды Жолдауда айқындалған басым бағыттарды орындауға жұмыла кірісіп, сапалы жұмыс істеуге шақырды.
Жиын соңында Президент Жолдауына қатысты арнайы қарар қабылданып, арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале