8.09.2025, 17:53
Оқылды: 356

Жолдау жаңа бағыттарды айқындады

"Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауы кез келген саланың жұмысын айқындап береді. Жыл сайынғы Жолдау алдымызға жаңа жоспар, жаңа бағыт-бағдар береді.

WhatsApp Image 2025-09-08 at 17.19.07

Президент: "AMANAT" партиясы ұсынған "Қарызсыз қоғам" жобасын жүзеге асыруды жалғастыру керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Президенттің айтуынша, бұл бағытта "AMANAT" партиясы ұсынған "Қарызсыз қоғам" жобасын одан әрі жалғастыру қажет.

"Азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселесі әлі де өзекті. Былтырдың өзінде осы жоба аясында 845 мың адам сауатын жетілдіріп, заңгерлік кеңес алды. Түпкі мақсат – халықтың мойнындағы қарызын азайту ғана емес, азаматтардың табысы тұрақты болуын қамтамасыз ету", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жолдауда дәстүр бойынша ел дамуының негізгі бағыттары – экономика, әлеуметтік саясат, сыртқы саясаттағы басымдықтар және алдағы стратегиялық жоспарлар қамтылды.

Азамат Тағаниязов,

"AMANAT" партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале