3.09.2024, 11:00
Оқылды: 14

«Жолдау жауапкершілік жүктейді» – Нұргүл Омарова

605F3065-784B-4E35-962D-A869A2467F43

Нұргүл Омарова
Бөкей ордасы аудандық білім беру бөлімінің басшысы

– Президентіміздің кезекті жолдауында: «Мектептердің жұмысын жақсарту шараларын қолға алған жөн. Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлген абзал. Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек. Жалпы бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру қажет. Баланы мектепке дайындау мәселесіне айрықша назар аударған жөн. Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ісіне мемлекетпен қатар ата-аналар да жауапты.

Сондықтан мектепке дейінгі білім беру саласында әр балаға бөлінетін қаражат отбасының нақты табысына байланысты болуы керек. Осылайша, біз білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру арқылы шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көмек көрсетеміз және мемлекеттік қолдаудың ашық болуын қамтамасыз етеміз. Түптеп келгенде, азаматтарымыздың әлеуетін арттырамыз» деп кезекті оқу жылын бастаған ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік артты.

Әрине, қай кезде де болашақ иелері – бүгінгі буынның сапалы білімі мен тәрбиесі алдында міндетіміз жоғары. Оқушылардың сапалы білім алуына жан-жақты қамқорлық жасалып отыр.

Біртіндеп мектеп жиһаздары, материалдық-техникалық базасы жаңартылып отыр. Тек биылғы оқу жылында 22 миллионнан астам қаржыға жиһаз алынды. М.Бегалиева мектебінде химия кабинеті ашылып, М-С.Бабажанов мектебі жөндеуден өтіп, материалдық жағдайы түгелімен жаңартылды. Оқушының қауіпсіздігі, құнарлы тамақтануы бойыншада толық қамтамасыз етілді.

Ұстаздарымыздың да әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді.

Ендігісі тек жақсы нәтиже үшін аянбай еңбек етуіміз ғана.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале