Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күні кешегі Жолдауында ең әуелі жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтыны қуантты. Жер мен тіл – ең басты құндылығымыз.
Тың бастамалар мен жаңа идеялар ел экономикасының дамуына септігін тигізетіні анық. Індетпен күресу де үлкен мәселе. Оған қарсы күш жұмылдыру – дұрыс шешім. Жолдауда білім беру жүйесіне, барлық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың Қазақстанда өндірілуіне назар аударылған.
Елді сыннан, қиындықтан құтқаратын – ауызбіршілік. Мақсатымызға жетіп, қалаған биігімізден көріну үшін жұдырықтай жұмылуымыз қажет.
Жастарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына Жолдауымен танысуға шақырамын!
Мәрлен Мәлікұлы,
Жаңақала аудандық "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" КММ басшысы