5.09.2024, 20:00
Оқылды: 208

Жолдау жұмысымызға серпін берді

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің болашағы үшін аса маңызды бағыттарды атап өтті. Оның ішінде, әсіресе, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Ел Президенті 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтарының жылы" деп жариялады, бұл біз үшін үлкен мүмкіндік пен жауапкершілік.

InShot_20240905_200915536

Президент өз Жолдауында: "Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін жаңғырту арқылы елімізде жоғары білікті жұмысшы кадрларын даярлау ісін күшейту қажет", – деп атап өтті. Бұл біздің Бөкей ордасы колледжі үшін айқын бағдар болмақ. Біз кәсіби білім сапасын арттыруға, студенттерімізді еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар етіп шығаруға бар күшімізді саламыз.

Сондай-ақ, мемлекет тарапынан жас мамандарды қолдау және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту бағытында жаңа жобалар қолға алынатыны да бізді жігерлендіреді. Президент: "Жұмысшы кадрларын қолдау – мемлекетіміздің болашағын қамтамасыз ету деген сөз", – деп баса айтты.

Біздің колледжде білім алып жатқан болашақ мамандардың әлеуеті зор, ал біз өз тарапымыздан сапалы білім мен білікті тәлімгерлік беру жолында үздіксіз жұмыс жасаймыз.

Жұмысшы мамандықтары – ел экономикасының қозғаушы күші, сондықтан осы бағытта жұмыла жұмыс атқаруға дайынбыз!

Бағдат Лұқпанов,

Бөкей ордасы колледжінің директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале