8.09.2025, 22:00
Оқылды: 393

Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттары айқындалды

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында ел халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады.

image-08-09-25-09-36
Осыған орай Шыңғырлау ауданы әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тыңдауға арналған актив жиыны өтті. Жиынға аудан әкімі, мәслихат депутаттары, мекеме басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев Жолдаудың ел дамуына тың серпін беретінін атап өтті. Ол өз сөзінде: «Жолдаудағы міндеттердің барлығы ел дамуының басым бағыттарын айқындап,халықтың әл-ауқатын көтеруге және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.Жолдаудағы тапсырмаларды сапалы және уақытылы жүзеге асыру – біздің негізгі, басты міндетіміз» -деп атап өтті.
Мемлекет басшысы Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттары – экономика, әлеуметтік саясат, сыртқы саясаттағы негізі басымдықтар және алдағы стратегиялық жоспарлар қамтылды.

image-08-09-25-09-36
Президенттің Жолдауы мемлекеттік органдарға, бизнеске және азаматтық секторға алдағы кезеңдегі негізгі жұмыс бағыттарын айқындап берді.
Бұл тұрғыда аудан әкімдігі Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау үшін нақты жоспарлар жасап, тиісті шараларды қолға алуға дайын екендігін білдірді.

Светлана Байтенова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале