25.03.2022, 9:15
Оқылды: 151

Жолдаудың жүгі бір жылмен шектелмейді

Сырым аудандық мәслихат депутаты Ернар Байдашев:

IMG-20220325-WA0008

- Мемлекет басшысының биылғы жылғы жолдауы да елдің экономикалық және әлеуметтік мәселелеріне арналды. Жолдаудан кейінгі басты міндетіміз берілген тапсырмаларды сапалы орындап, көрсетілген мәселелердің шешімін табу.

Президенттің Сайлау жүйесін жетілдіру, партиялық жүйені дамыту мүмкіндіктерін қарастыру, құқық қорғау институттарын күшейтуге аса мән беретіні туралы айтқаны көңілімізден шықты.

Жолдауда көрсетілген нақты мәселелердің шешімдерін бірлесе отырып табатын болсақ, баршамыздың жарқын болашаққа жасаған нық қадамдардың бірі болмақ. Тоқаев көптеген табысқа қол жеткізілгенін атап өтті.

Алайда береке-бірлігімізді сақтамасақ, жетістіктеріміздің бәрінен айырылып қалуымыз мүмкін. Қаңтардағы дүрбелең кезінде бұған көзіміз анық жетті. Бұл оқиғалар бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Мемлекетіміздің тұтастығына және егемендімізге зор қауіп төнді.

«Бар міндетті тек Президентке жүктей бермей, Парламент пен Үкіметтің жүгін де ауырлатып, олардың іскерліктерін арттыру мәселесі, бүгінге дейін беделін жоғалта бастаған сайлау про­цесін жаңаша өткізу, депутаттар мен билік өкілдерінің халық алдындағы жауапкершіліктерін арттыру,  Конституциялық сот, ұлттық құрылтай, жаңа партия­ларды тіркеудегі жеңілдіктер, ең бір жұртты риза қылған Пре­зиденттен бастап, әкім-қара­лардың туыс-туғандарын бас­шы­лық жұмыстарға жолатпау жө­ніндегі шешімдері еді. Жасы­рары жоқ, мұның бәрі де өз уақы­тын күтіп тұрған аяққа түскен тұсаудай түйткілдер болатын»,- деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Жакен Маева, Сырым ауданы Қосарал ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі:

IMG-20220325-WA0009

- Биылғы Жолдаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Президенттің өзі айтқандай, бұл Жолдаудың жүгі бір жылмен шектелмейді.  Халықтың көкейінде жүрген көп сұрақтардың жауабы осы Жолдаудан табылды. Президент қаңтар оқиғасына тоқталып, ондағы келеңсіздіктерге баса назар аударды. Болашақта біздің әскерімізді, шекарамызды әлі бекіте түсу керектігін, Ұлттық ұланды  қуаттандыруды, жасақтауды айтты. ҰҚК-ның, Қорғаныс министрлігінің басшыларына жауапкершілік жүктеді. Ең бір қуантарлығы, Алматы, Жезқазған облыстарының  екі өңір болып бөлінуі. Ұлытау облысы, Семей облысы секілді атауы халыққа ұнамды облыстық аймақтар құрылады. Отандастарымыз жаңадан үш облыс құру туралы идеяны үлкен ықыласпен қабыл алды. Осы орайда, Қасым-Жомарт Кемелұлы бұрынғы Алматы облысының орнына Жетісу жəне Алматы облыстары құрылып, Қапшағай қаласы соңғысының орталығы болатынын айтты. Одан əрі сөзін сабақтап: «Қапшағай қаласы халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсыныс айтса, мен бұл пікірге қосыламын», деді. Мемлекет басшысының бұл бастамасы қоғамда, оның ішінде əлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Елімізде үлкен қалалардың, өркениет ордаларының қалыптасуына сеп болады.

Елдегі халық қалаулылары, депутаттардың алдына үлкен міндет, талап қойды. Депутаттардың құрамын он бес есеге азайтып, саннан сапаға көшетінімізді айтты. Халық алдындағы міндетін  толық орындамаған жағдайда депутаттық мандаттары кері қайтарылады.

Президентіміз елдің әлеуметіне, мәдениетіне әрдайым бірдей көңіл бөледі. Жолдауда айтылған міндеттерді жұмыла жұмыс атқарсақ, Қазақстан әл-ауқаты жоғары мемлекет болып қалыптасады деп ойлаймын.

Талғат Дарғожиев,

"AMANAT" партиясы Сырым аудандық филиалының атқарушы хатшысы:

IMG-20220325-WA0010

- Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы Жолдауының ерекшелігі саяси реформаларға негізделгені. Жалпы елдің тұрақтылығы, дамуы саяси жүйеге тікелей байланысты. Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту арқылы Жаңа Қазақстанның болашақтағы бейнесі қалыптаспақ. Бұл Жолдауда халық сайлаған депутаттарға үлкен жүк артылып, жауапкершіліктері күшейтіліп отыр. Сонымен қатар өкілетті органдардың рөлі күшейіп, сайлау жүйесін жетілдіру, азаматтық қоғамның ықпалын арттыру мәселелері өте орынды бастама деп есептеймін. Сонымен қатар Абай, Ұлытау облыстарының құрылуы да қуанарлық жағдай. Президент айтқандай өзгерісті әр адам өзінен бастауы керек. Бұл Жолдаудан туындайтын тапсырмаларды орындауда "АMANAT" партиясының Сырым аудандық филиалы, әрбір партия мүшесі мақсатты жұмыстар атқармақ.

Президенттің, Есеп комитеті мен Конституциялық кеңестің төрағалары мен мүшелерін партия мүшесі болмауы туралы шешім еліміздегі барлық партия­ларға тең мүмкіндік беріп, оларға бірдей жағдай жасалатынының бірден-бір белгісі. Ендігі кезекте облыс, қала, аудан, ауыл әкімдері мен орынбасарлары жергілікті партия төрағасы бола алмайды. Бұл ұсынысқа партия мүшелері де келісетіні сөзсіз. Себебі жергілікті мәслихаттағы фракциялардың жұмысы жанданып, әкімдер партияны әкімшіліктің бір бөлімі деп санау­ды қойып, партиялармен санасатын болады. Президент айтқандай, енді партия мен мемлекеттік органдардың жұмыстарын бөліп, ажыратып алуымыз керек. Бұл – сол бастамалардың бірі.

Жолдауда қамтылған мәсе­лелер бүтіннің бір бөлшегі, Президенттің Қазақстан қоғамын демократияландыру бағытындағы бұрын-соңды қолға алған бастамаларының заңды жалғасы, құрамдас бөлігі. Заман ағымы, уақыт тынысы бұдан да іргелі, әрі күрделі өзгеріс­терді талап етері сөзсіз. Ең бас­тысы, халықтың талап-тілегіне және аза­мат­тық қоғамның даму қарқынына орай дер кезінде оң өзгерістерге бет бұру. Бұл тұрғыдан алғанда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын Қазақстан қоғамын демократияландыру жолында жасалған тарихи қадамдардың бірі деп бағалауға тиіспіз. Мемлекет бас­шы­сының өз сөзімен айтқанда бұл Жолдау­дың «арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек».

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазір­гідей алмағайып кезеңде алаң көңіл­де отырған отандастарымызға елі­міз үшін дамудың жалғыз ғана жолы бар екенін айқындап берді. Ол – қоғамның әрбір мүшесі мемлекеттік саясатты қалып­тастыруда тең құқыққа ие бола ала­тын демократия жолы. Ол жолға жету үшін Президенттің өзі айтқандай «жұртымызға, ең алдымен, ауызбіршілік керек. Ақыл мен сабыр, парасат пен ұстам­дылық қажет».

"Сырым елі "

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале