21.06.2021, 9:45
Оқылды: 29

Жолдыбай жолы

Сырымдық Жолдыбай Батырниязовтың есімі еңкейген кәріден, еңбектеген сәбиге дейін жақсы таныс десек артық айтқандық емес. 61FD45F3-5F80-4498-939D-6CF9A5B64CD6

Ауылдан түлеген Жолдыбай Жанатауұлы облыстағы ауыл шаруашылығы институтын зооинженер мамандығы бойынша тәмамдаған соң қайнаған еңбектің ортасына кірісіп кетті.

Мәселен, өткен жылдардың тізбесіне көз жүгіртсек оның еңбек кітапханасында Сарой ауылдық округінің бөлімшелерінде зоотехник, бөлімше меңгерушісі, Сарой ауылдық округінің әкімі, аудандық комсомол, партия комитеті бөлімінде жауапты қызметте болғаны, бертін жылдары аудан әкімі аппаратының бөлім, аппарат басшысы, аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат аппаратының бөлім меңгерушісі, аппараттың басшысы лауазымдарын атқарғаны жазылыпты. Әр лауазымның салмағы бар десек, Жолдыбай мырза мемлекеттік қызметтің жүгін абыроймен көтерген жан деп айта аламыз.

  Әрине, Жолдыбай Жанатауұлы көптеген лауазымды тұлғалармен әріптес болды.

Ал мемлекеттік қызметтің ортасында білегін сыбана кірісіп, саласына деген адалдығын, іскерлігі мен тәжірибесін көрсете білген оны жиі мазалайтын ойдың бар екендігіне көз жеткіздік.

- Соңғы кезде мені жастардың мемлекеттік қызметке араласып, тұрақтап қалуындағы жауапкершіліктің жоқтығы жиі мазалайды. Мысалы, аппарат құрамына конкурстық хабарлама жариялаған соң мемқызметке қызығушылық танытушылардың басым бөлігі сыртқары жерден, қаладан болып жатады. Ал бұл келген жастар 2-3 жыл қызметке араласады да үйреншікті өңіріне кері оралып жататындары рас. Сондықтан жергілікті жердегі әкімдер, аудандағы лауазымды тұлғалар ауылдық өңірлердегі жастарды мемқызметке түбегейлі тарту, үгіт-насихат жұмысымен айналысуда табандылық көрсетсе.

  "Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала",- дегендей ауылдағы жас ұстаз, мал маманы басқа сала иелерін мемқызметке тартып, тұрақты орналасуларына ұйытқы болса кадрдағы тапшылық шешілер еді. - дейді Жолдыбай Батырниязов.

Иә, мемлекеттік қызметтің сан-саласынан өткен Жолдыбай Жаңатауұлы артына адастырмас із, жарқын даңғыл қалыптастырды деп анық айта аламыз. Жолдыбай жолы жас мамандар үшін шыңдалу, өсу жолы емес пе?

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале