28.02.2018, 12:54
Оқылды: 56

«Жомарт жүрек» жобасы аясында 80-нен астам тұрғынға көмек көрсетілді

 

Ақжайық ауданының Алмалы ауылында зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасы мүшелері  медициналық тексерістен өтті.

Атап айтқанда, 80-нен астам тұрғынға Ақжайық аудандық орталық және Тайпақ ауруханаларынан келген ақжелеңділер қызмет көрсетті. Мысалы, 25 адам кардиолог, 32 адам гинеколог және 10 бала педиатр маманның қабылдауында болды. Түрлі кеселдерден сақтану тақырыбында дәрістер оқылды. Алмалылықтар невропотолог Жанат Меңдіханқызына, педиатр Гүлайым Балмұханқызына, онколог Гүлниса Бижанқызына, басқа да дәрігерлерге зор ризашылықтарын арнады.

– Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ғылыми мақаласынан туындаған «Атамекен» кіші бағдарламасының «Жомарт жүрек» жобасы аясында өткізілген іс-шараға мұрындық болған ауыл дәрігері Динара Айсабаеваның бұл бастамасына да алғыс айтылды,-дейді Алмалы ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Құралай Құрақова.

Дәрігерлердің мұндай сапары басқа да ауылдық округтерде жалғасатын болады.

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале