30.12.2020, 15:52
Оқылды: 60

Жомарттығын танытты

Аудан айнасына 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына жазылу науқаны әлі де жалғасуда. Аудандық «Жаңарған өңір» газетінің сүйікті оқырмандары да маңызды істе жауапкершіліктерін білдіріп, науқанға атсалысуда. Тіпті, газет оқырмандары үшін демеушілер табылып, қайырымды іс жасауда.

Жомарттығын танытты

Соның бірі – Жаңақала аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің  директоры Жайсаң Есекеновтің шәкірті, спорт жанашыры Қадырбек Қабдолов.

Қазіргі таңда Астана қаласында тұратын азамат жерлестерін, яғни аз қамтылған 10 отбасыны төл басылымға Жайсаң Ахметұлының шәкірттері атынан жаздырып берді.

 

Ж.Хайрушева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале