21.10.2022, 17:55
Оқылды: 33

Жұбанды жырлады

«Мен – қазақпын. Өз халқымды мақтан етемін. Маған оның көп қатпарлы тарихы қымбат, ал оның бүгінгі күні одан да қымбат» - деп жария еткен қазақтың қайсар рухты ақыны Жұбан Молдағалиевтің шығармашылығына арналған «Жұбан оқуы-2022» акциясы Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасында өтті.

IMG-20221005-WA0071

Шараға  аудандық туризм және экология бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері, кітапхана оқырмандары, кітапханашылар қатысты. Акция барысында бірыңғай  кітап қорын сақтау бөлімінің кітапханашысы Гүлбаршын Айжарықова  ақынның «Тек қана туған жерден айырмағай» өлеңін, аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Галина Гончарова «Әлия» өлеңін орыс тілінде, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Назира Садықова «Бақыт деген» өлеңін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, шара барысында оқырмандар  ақынның сөзіне жазылған Б.Дәлденбаевтың «Абзал ана»  әнің орындап, «Қазақтың қайсар Жұбаны» атты кітап көрмесінің шолуымен таныс болды.

 Б.Хамитова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале