Бүгін мәдени демалыс саябағында Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастыруымен көктемгі жүгіру марафонының ашылу салтанаты өтті.
Жиынға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ақерке Сансызбаева, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғали Ғаббасов, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Дәурен Мерешов және «Жаңақала раннерс» жүгірушілер клубының мүшесі Қолқанат Гайнуллин қатысты. Н.Ғаббасов құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сайысқа бес шақырымдық қашықтыққа он сегзі ер адам, он шақырымдық қашықтыққа бес ер адам қатысса, екі шақырымдық қашықтыққа алты әйел адам қатысып, бақтарын сынады.
Нәтижесінде 5 шақырым бойынша ІІІ орын Ақниет Қайырғалиев (№3 ЖОББМ), ІІ орын Қолқанат Серіков (№3 ЖОББМ), І орын Тимур Бақтыгереевтің (Жаңақала Раннерс) қоржынында кетті.
10 шақырым қашықтықта Есболат Абекенов (Жеке кәсіпкер) ІІІ орынға, Нұрсұлтан Сағадат (Пятимар ауылдық округі) ІІ орынға табан тіреді. Қолқанат Гайнуллин (Жаңақала Раннерс) І орынға ие болып, жеңіске жетті.
Ал әйелдер арасындағы екі шақырым қашықтықта Әсемгүл Ғұбайдолла (Мәдениет бөлімі) ІІІ орынды, Гүлнар Сакказова (Мәдениет бөлімі) ІІ орынды қанағат тұтса, Раушан Сәлім бірінші болып келіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, медаль және сыйлықтар табыс етілді.
Нұргүл Дүйсенбаева,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz