13.06.2017, 15:27
Оқылды: 46

Жүк автокөлігі қағып кеткен

????????????????????????????????????

   Ақжайық аудандық Алмалы ауылдық округіндегі Атамекен ауылының тұрғыны, биыл 9-шы сыныпты бітірген ұл баланы 10 маусым күні жол үстінде келе жатқан жүк автокөлігі қағып кеткен.


   Ол сол күні сағат 09:00 шамасында малды өріске айдап, Орал – Атырау тасжолының қиылысынан велосипедпен өткен. Кейін қайтқан кезде жол үстінде келе жатқан жүк автокөлігі оны қағып кеткен. А. есімді азамат «Жедел жәрдеммен» Тайпақ ауруханасына жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетіледі. Сосын Орал қаласына жеткізілді.

   Аудандық білім бөлімінен хабарлағандай, оның жағдайы бірқалыпты ауыр деңгейде.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале