3.02.2023, 15:00
Оқылды: 30

Жұқпалы аурулар ахуалы талқыланды

Бүгін  Жаңақала аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасында аса қауіпті және паразитарлық жұқпаларының эпидемиологиялық ахуалы жөнінде дөңгелек үстел өтті.

IMG_20230203_142709

Жиналысты аудандық аталмыш басқарманың басшысы Рашид Ибрагимов жүргізді.

Жиынға Жаңақала ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі Батыр Лұқпанов, Жаңақала ауылдық округі әкімінің орынбасары Абат Ишанов, аудандық ветеринариялық станция директоры Берік Шорманов, Жаңақала обаға қарсы күрес бөлімшесінің директоры Мейрам Берденов, аудандық аумақтық ветеринариялық инспекция басшысы Еділхан Жукеев, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Әлихан Ізбанов, аудандық аурухана оташы дәрігері Азамат Дияров, аудандық аурухананың дәрігер-эпидемиологі Айдана Абай, санитариялық-эпидемиологиялық басқармасының бөлім басшысы Нүркен Бисенбай қатысып, аудан бойынша құтыру, бруцеллез, сібір жарасы мен басқа да аса қауіпті аурулары бойынша эпидемиологиялық-эпизоотологиялық, оның алдын алу шаралары сонымен қатар аудандағы эхинококкоз, альвеококкоз жұқпалары жөнінде баяндама жасады.

Жиын пікір таласқа ұласып, аудандық аумақтық ветеринариялық инспекция басшысы Еділхан Жукеев өз ойын ортаға салды.

Жиналыс соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Р.Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале