11.09.2025, 17:32
Оқылды: 242

Жұлдыз - "Күміс алқа" иегері

Бүгін Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов жымпитылық көп балалы ана Жұлдыз Оразғалиеваға "Күміс алқа" мемлекеттік наградасын табыс етті. 
PHOTO-2025-09-11-10-45-37
Аудан басшысы алтын құрсақ анаға ізгі тілегін білдіріп, демографиялық саясатқа үлес қосып, саналы ұрпақ тәрбиелеп келгені үшін алғысын жеткізді.
Жұлдыз Есенжолқызы 6 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсіріп отырған ана. Жолдасы Айбол Оразғалиев - Сырым ауданы А.Шайхиев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде қазақ күресінің жаттықтырушысы болып жұмыс жасайды. Олар балаларының жақсы білім алуына және тәрбиесіне көп көңіл бөледі. Қыздары Зере, Айша, Дана жалпы білім беретін Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің оқушылары. Қыздары оқу озаттары, мектепте өтетін әр түрлі олимпиадаларға, байқауларға үнемі қатысып, жүлделі орындар алып жүр. Ортаншы қыздары Мерей мен Томирис үйде ата-анасының қамқорлығында.
Бұл отбасының қыздары тәрбиелі, кішіпейіл, сыпайы болып өсіп келе жатыр, мектепте сабақ үлгерімдері жақсы. Үлкен қыздары анасына көмектесіп, кішкентай бауырларына қамқор.
Оразғалиевтер жанұясы - елге сыйлы шаңырақ.
Қоңдыкер Елеуов,
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале