Бүгін Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов Батыс Қазақстан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатына қатысты.
Жұмагелді Жолдыбайұлы «AQJAYIQ» арнасындағы тікелей эфирде Сырым ауданының 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму жайлы баяндады. Бюджет – тыныс, мүмкіндік. Сырым аудан бюджетінің жалпы көлемі 2023 жыл үшін 6 млрд 243 млн теңге көлемінде жоспарланса, есепті кезеңде 3 млрд 643 млн теңге қаражат игеріліпті. Айта кетерлігі, өзіндік кірістер бүгінгі күнге 160% өсім байқатып отыр.
– Аудан бойынша бюджетке түсетін салықтық түсімдерді арттыру мақсатында ауданда құрылыс жұмыстарын жүргізуші мердігер мекемелердің аудандық кірістер басқармасына тіркелуі қажеттігін айтудамыз. Қазіргі уақытта жерлес азаматтар басқаратын мердігер ұйымдар – «KazConstructionGroup» және «Жайық Сити» серіктестіктері аудандық кірістер басқармасына тіркеліп, бюджетінің көбеюіне үлес қосуда. Бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта жалғастыру қажет, - деді аудан әкімі.
Бауыржан Ширмединұлы,
Суретке түсірген: Айжан Амангелдина
Сырым ауданы