22.09.2021, 12:24
Оқылды: 48

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

          «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзін көресің», - деп халық даналығында айтылғандай, Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округіне қарасты Садовое ауылының тұрғындары елді мекендегі мұқтаж жандарды көзден таса етпей, қолдарынан келген көмегін көрсетуді әдетке айналдырды.

 01

Сауабы мол игі іске атсалысу әр адамның борышы деп білетін ауыл волонтерлары әрдайым көпшіліктің рухани және материалдық қолдауын қажет ететін жандардың жанынан табылады.

Осы ісімен шағын ғана ауыл жастары округ тұрғындарына үлгі бола білді. Садовое ауылының еріктілері әр мереке қарсаңында қаражат жинап, аз қамтылған отбасы балаларына сыйлық алып береді.

Ауыл жастары Халықаралық балаларды қорғау, Білім күні мерекелері қарсаңында да бүлдіршіндерді ұмытпады. Мейірімді жандар жинаған қаражатқа оқу құралдарын сатып алды. Оны да мұқтаж жандарға таратып берді.

02

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» қайырымдылық марафонына белсенді араласып жатқан жастар «Тегін нан» акциясын да ұйымдастырды. Шара аясында Садовое ауылындағы «Аида» және «Светлана» дүкендері әр аптаның жұма күні ауылдағы жалғызбасты зейнеткерлерге тегін нан үлестіреді.

Жарқын Қайырғалиев, Анастасия Ақжігітова, Ольга Кухоренко, Ксения Миллер, Надежда Мишина, Рабиға Низамова, Асылхан Мұханбетияров, Қайыржан Садықов сияқты жастардан құралған волонтерлар тобының қатары осы күні көбейіп келеді.

«Бірге біз күштіміз» деген ұранды ұстанатын жастар көпке үлгі бола білді. Ауылына алаңдап, мұқтаж жандарды көзден таса етпейтін қыз-жігіттеріміз көбее бергей!

 

Маржан Айтуарова,

Бәйтерек ауданы,

Макаров ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале