18.11.2022, 17:00
Оқылды: 42

"Жұмыс беруші күні" өтті

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысымен бекітілген бағдарламаға сәйкес, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара байланыс жасау мақсатында Тасқала колледжінде 15 қараша күні Республика көлемінде бір мезгілде ТжКБ-ның барлық ұйымдарында «Жұмыс беруші күні» іс-шарасы өткізілді.

Жұмыс беруші

Шараға «Тасқала-Аққу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы К.Таскалиев, Тасқала аудандық электр торабының басшысы Б.Юсупов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының басшысы Ж.Хайруллин, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры А.Абулхаирова, «Ерлан» шаруа қожалығының басшысы Б.Избанов, В.Пустобаев «Пустобаев» жеке кәсіпкер, «Туркешева» жеке кәсіпкер жауапты уәкілі А.Туркешева, колледж әкімшілігі, арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Шара шымылдығы «Мамандықтар көрмесімен» ашылып, білім алушылар өздері оқып жатқан мамандықтары туралы таныстырды. Кейін колледж кітапханасында «Академиялық еркіндік қағидатының артықшылықтары» және «Дуалдық оқыту жүйесі – заман талабы» тақырыптарында дөңгелек үстелмен жалғасын тапты. Бұл шарада колледжге қатысты өзекті мәселелер қозғалды. Олар: бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуы, жұмыс берушілер мен колледж арасындағы әлеуметтік серіктестік, дуалдық оқыту барысында кездесетін проблемалар мен оларды шешу жолдары.

«Мамандығым мақтанышым» тақырыбында сала бойынша білім алушылар мен жұмыс берушілірдің практикалық кездесуінде жұмысқа орналасудың тиімді жақтарымен таныстырып, жастарға жаңа бағдарламалар туралы ақпарат берілді. Шара соңында «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша «В.Л.Пустобаев» жеке кәсіпкер В.Пустобаев және «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша «Ерлан» шаруа қожалығының басшысы Б.Избановпен әлеуметтік ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды.

Еліміздің экономикасына қажетті техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауда кәсіпорындардың тұрақты дамуы және оқу орнымен болашақта бірлесіп жасалатын жұмыстары үшін Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетовтың алғысхатымен әлеуметтік серіктестеріміз марапатталды.

 Б.Избанова,

директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале