Подстепный ауылдық округінде аудандық жұмыспен қамту және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі өтті.
Оған «Пойма Май комбинаты» , «Бәйтерек» бөбекжайы, мал жәрдемі, жеке сот орындаушылары, «БатысЭкоТранс» ЖШС, «КазАэроНавигация», облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты, аудандық жастар ресурстық орталығының өкілдері қатысты.
Қос қолға бір күрек іздегендердің қатары 50-ге жетті. Олардың дені «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы хақында кеңінен мағлұмат алды.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz