7.02.2024, 17:30
Оқылды: 50

Жұмыс қарқынды, жоспар ауқымды

Республика, облыс, ауданның негізгі көрсеткіші – жеке инвестиция. Бәйтерек ауданы бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарына жеке инвестиция аясында 22461,2 миллион теңге қаражат тартылды. Қазіргі таңда бұл қаржыға ауданда 12 жобаны жүзеге асуда.

IMG-20240207-WA0048

Бұл туралы ауданы әкімі Марат Тоқжанов Раздольное ауылы округі тұрғындарымен кездесіп, Бәйтеректің әлеуметтік-эконимкалық даму көрсеткіштеріін баяндау кезінде мәлімдеді.

- Ауданда 2022-2023 жылдары автомобиль жолдарының құрылысы және оларды жөндеу бойынша ауыспалы жобалардың жалпы ұзындығы 131,1 шақырымды құрады. Былтыр 100,8 шақырым жол құрылысы жүргізілді. Соның ішінде 9 шақырым кіреберіс жол және 11,8 ауылішілік автомобиль жолы пайдалануға берілді, - деді Марат Лұқпанұлы.

IMG-20240207-WA0049

Раздольное ауылы округінде былтыр бірқатар ілкімді іс жүйелі жүзеге асқан. Ауыл әкімі Болат Ерболатовтың сөзіне қарағанда, 22 шақырымдық кіре беріс жол жөнделген. «Таза су» бағдарламасы аясында ауылға ұзындығы 24 шақырым болтын су құбыры тартылып, ел игілігіне табысталған. Ауылдың кіре берісіне аялдама орнатылған. «Достық» шаруа қожалығының иесі В.Шевчук 30 миллион теңгеге балаларға шағын орталық салып, тарту еткен. Көше жарығы 15 дана жаңа шамдарға ауыстырылып, 5 жерге қосымша шамдар орнатылған. «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында 700 түп әр түрлі ағаш егілген. Көпбалалы отбасы, «Алтын алқа» иегері С.Назарымбетоваға 4 миллион теңгеге үй сатып алынған. Күні бүгін ауылдағы орта мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Нысанды ІІІ тоқсанға аяқтап, табыстау жоспарланған.

Жиын соңында басылымға жазылу белсенділігі үшін Раздольное ауылдық округі әкімдігіне «Жайық Пресс» медиахолдингінің 25 мың теңгелік сертификаты табысталды.

Айту керек, билік пен бұқара арасын байланыстыратын ашық алаң іспеттес есептік кездесу жиыны енді жылына екі рет ұйымдастырылады.

 

Гүлжаз Баделова,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале