11.04.2024, 17:47
Оқылды: 68

Жұмыс қолы облыс орталығына аттанды

Тасқын судың салдарынан қиындыққа тап болып, зардап шеккен жерлестеріміздің ауыр жағдайын көріп, оларға қолдау білдіріп жатқандар аз емес. Жан-жақтан келіп жатқан гуманитарлық көмек пен жұмыс қолы осының айғағы.

жжжжжжжж

Олардың қатарында тасқалалықтар да бар. Кеше аудан орталығындағы қосымша білім беру, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп пен туризм, аудандық саз мектебі, балалардың мектептен тыс жұмыс орталығының ұжымы, барлығы 60 адам Орал қаласына барып, үлкен жұмыс атқарып келген болатын. Бүгін төртінші күн облыс орталығына тағы да жұмыс қолы көмекке аттанды. Олардың қатарында Оян, Шежін ауылдары мен аудандық аурухана, жігіттері, сондай-ақ, «Қызыл ай» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Өтемісова бастаған еріктілер барлығы 70 адам бар. Бұл жұмыс жексенбіге дейін жалғасатын болады. Жалпы 8 сәуірден күні бүгінге дейін құмдарды қаптау мен су жолдарын бөгеу жұмыстарына   260 адам қолұшын берген.

жжжжжж

Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале