Биыл Бәйтерек ауданында мемлекеттік бағдарламалар арқылы іске асатын жобалар қатарында жол құрылысы, газ, ауыз су құбырын тарту, тұрғын үй салу, мәдениет үйлерін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары бар.
Аудан басшысы Марат Тоқжанов бірқатар жобалардың жұмыс барысымен танысып, мердігерлермен тілдесті. Рубежинде су құбырлары жалғанып, арықтар қазылуда. Махамбет ауылдық округіне қарасты Павлов, Горбунов ауылдарына газ тарту жұмыстары басталмақ. Газ тартуға жауапты мердігермен кездесу барысында аудан басшысы ашық-жарық уақытты тиімді пайдаланып, тұрғын үйлерге газ жүргізу жұмысын да ойластыру қажеттігін қаперледі.
Күрделі жөндеу жүріп жатқан Махамбет ауылдық клубының жұмысы да ширақ. Ең бастысы ауыл тұрғындары да жұмыспен қамтылуда. Биыл Краснов ауылдық округінің орталығы Погадаев ауылында кіреберіс және ауылішілік жолдар асфалтталуда. Жобаға жауапкершілікпен қараған мердігер "Тоби" компаниясының жұмысына ел риза.
Арал Болпышұлы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz