30.09.2022, 23:23
Оқылды: 40

Жұмыс тобы Теректіде

Ауданымызға іссапармен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен жұмыс тобы келді. Мақсаты - мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Қазақстан халқына жариялаған  “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” жолдауын талқылау. 

0000

Қоғам белсенділері, аудандық мәслихат депутаттары және  мемлекеттік қызметшілер, салық мамандары, әлеуметтік сала қызметкерлері  жиналған шараны  аудан әкімі Тілек Габдушев ашып, келген қонақтармен таныстырды.  Топ құрамында  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Мұратбеков, “Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорының” директоры Марат Жәнібеков,  атаулы әлеуметтік көмек басқармасының басшысы Әсия Құрманқұлова бар.  Бұл жиынға осы  саладағы облыстық мекеме-ұйым өкілдерінен құралған  жұмыс тобы арнайы келіп қатысты.

01

Жұмыс тобы мүшелері  мемлекет басшысының жолдауы жайлы айта келіп,  атаулы әлеуметтік көмек, жастарға арналған бағдарламалар, қайтарымсыз грант секілді мәселелерді егжей-тегжейлі қамтыған баяндама жасады.

02

Жиыннан соң жұмыс тобы  аудандық жұмыспен қамту орталығы мамандарымен “ Президент” кешеніне барып, жылыжай мен кірпіш шығару орынымен  танысты.  Ондағы мамандармен кездесіп, зейнет жасы, “Күміс жас” жобасы секілді жобалар жайында ақпарат берді.

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале