24.08.2022, 18:26
Оқылды: 29

Жұмысқа орналастыру - ортақ іс

Қазіргі нарықтық заманда екі қолға бір күрек табу қиынға соғып жатыр. Қол-аяғы бүтін, он екі мүшесі сау жандардың өздері жұмыс іздеп сенделіп жүр. Ал мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыс табуы тіптен мұң. Сондықтан Бөрлі ауданында ұйымдастырылған бос орындар жәрмеңкесінен өзге, кембағал жандарға қосымша шара міндетті түрде өтіп тұрады. 

c26c8c19-b941-4b71-8406-e75ca11faafa

Айталық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қолдауымен "Жас қанат" қоғамдық бірлестігі және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен кезекті бос орындар жәрмеңкесі тағдыр тауқыметіне тап болған жандарға арналды. Ондағы мақсат - мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамға белсене араласуына қолғабыс жасау, олардыңда ешкімнен кем еместігін, барлық іс-шаралар мен жобаларға, жоспарларға қатысуға мүмкіндігі бар екендігін жеткізу және кедергісіз жұмыс орындарына орналастыру болды.

290754a5-2e12-490b-865f-dce9129afbae

- Бүгінгі шарамыз мүгедектігі бар адамдарға арналған. Мақсат - жұмыссыз жүрген жандарға жұмысқа орналасуға көмек көрсету. Шараға келген жандардың барлығының түйіндемелерін алып, жұмыс берушілер әрқайсысымен жеке-жеке тілдесті. Яғни жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасында диалог орнады. Бұл да қоғамның ерекше мүшелері саналатын жандардың жұмысқа орналасуына оң қадам деп білеміз. Осындай шаралардан кемінде бес адам жұмысқа орналасса, ол біздің шараның текке өтпегендігі деп білеміз. Бұндай шаралардан бөлек, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған іс-шараларымыз бар. Оның ішінде жылдық жоспарымызға сай өзге аудандарға саяхат жасау бар. Біртіндеп жүзеге асырамыз. Бастысы жұмыс іздеп жүрген жандар жұмысқа орналастыру, - дейді «Жас Қанат» ҚБ төрағасы Саламат Исламғали.

ee3a0474-4637-401c-b737-2216d20dcb4f

Жалпы, шараға 10-ға жуық мекеме шақыртылған. Олар жұмысшы, есепші, ұйымдастырушы, іс-қағаз жүргізуші мамандықтарын ұсынды. Ал жұмыс іздеп, жәрмеңкеге келгендердің саны 20-дан асты.

Айым Нұрғалиева, 

Бөрлі ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале