21.09.2022, 15:31
Оқылды: 95

Жұмыспен қамту орталығында - жаңа басшы

Бәйтерек аудандық жұмыспен қамту орталығына жаңа басшы тағайындалды. Аудан әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев бұған дейін осы мекемеде сектор меңгерушісі болған Нұрсәуле Есенғалиеваны ұжымға таныстырды.

12

- Осыған дейін бұл мекемеге жетекшілік жасаған Алексей Герасимов Переметный ауылдық округінің әкімі қызметіне кіріскен еді. Соған орай бұл лауазымға кімді тағайындаймыз деген сауал туындады. Біраз адамдар, олардың ішінде лауазымды қызмет атқарғандар да осы жерге келгісі келгені рас. Осыған байланысты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысымен бірге аудан әкіміне кіріп, ақылдасып, бұл қызметке Нұрсәуле Әуелбекқызын лайық деп таптық. Ол осында сектор меңгерушісі болған кезде орталық басшысы болмаған кезде оның орында жүріп, өзінің іскерлік қабілетін көрсете біледі. Сапалы жұмыс істей білетін маман екенін көпшілік біледі деп ойлаймыз, - деп атап өтті Ерікқали Ғұмарұлы.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Болатбек Ахметжанов пен Переметный ауылдық округінің әкімі Алексей Герасимов та дұрыс таңдау жасалғанын айтып, орталықтың жаңа басшысына жемісті еңбек тіледі.

Өз кезегінде сөз алған Нұрсәуле Есенғалиева өзіне білдірілген сенім үшін аудан басшылығына алғысын білдіріп, алға қойған мақсаттарға жету үшін аянбай ебек ететінін айтты.

13

Айта кетейік, Нұрсәуле Әуелбекқызы 1992 жылы Ақжайық ауданының Тайпақ ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы экономист. Еңбек өтілі он бір жыл. Еңбек жолын 2011 жылы Зеленов ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөілімінің статисі болып бастаған. Сосын аудандық жұмыспен қамту орталығында бас маман, Орал қалалық жұмыспен қамту орталығында маман, 2020 жылдан бері осында сектор меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Сәкен Мұратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале