18.10.2025, 10:47
Оқылды: 93

Жүректен шыққан жылу қарттар көңілін жылытты

Қарттар үйі — тек әлеуметтік мекеме емес, ол қоғамның адамгершілік деңгейін көрсететін айна. Қоғам үлкендерді құрметтеп, оларға қамқор бола білсе – ондай қоғам рухани бай, мейірімі мол деп есептеледі.

image-17-10-25-01-20

Өмірінің қарттық кезеңінде туыстарының қамқорлығынсыз қалған немесе әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында, қайырымдылық айлығы аясында «Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-на Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Жаннұр Ахметов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Райгүл Тастенова бастаған делегация барып қайтты.
Шара барысында ауданымыздың көркемөнерпаздары қарттарға арнап әсерлі концерттік бағдарлама ұсынды.
Іс-шараның ашылуында Жаннұр Ахметұлы алғысөз сөйлеп, келудегі мақсаттарын баяндап, жылы лебізін білдірді.

image-17-10-25-01-20-3
Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Арман Оразғалиұлы өз кезегінде сөз алып, келген қонақтарға алғысын жеткізді:
– Біздегі жерлестеріңіз сіздерді әрдайым асыға күтеді. Осындай игі бастамаларды қолдап жүрген аудан әкімі Тимур Серікұлына ризашылығымызды жеткізерсіздер. Көріп отырғандарыңыздай, орталығымызда барлық жағдай жасалған. Дегенмен, туған жердің, жерлестердің ыстық ілтипатына ештеңе жетпейді. Келіп, өнер көрсетіп, ауылға деген сағынышты бір басып кеткен өнерпаздарға айрықша алғыс айтамын, - деді ол.
Концерттік бағдарламадан соң мекеме қамқорлығындағы қарияларға арналып дастархан жайылды.Жерлестерде таныс жүздерді көріп, марқайып қалғандарын айтыс-ты.
Бұл бағыттағы шаралар өскелең ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеуге, сондай-ақ қарттардың қоғамдағы орнын айқындап, олардың рөлінің ешқашан төмендемейтінін көрсетуге бағытталған.

Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале