17.08.2022, 10:15
Оқылды: 103

Жүректерге жеткен шаралар

Қазіргі таңда мемлекетімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударылып, қамқорлық көрсетіліп балалардың ерекшеліктері мен қабілеттерінің дамуына қолдау көрсетуде. Осы мақсатта көптеген шаралар атқарылып келеді. Біздің  жүйе кітапханалары да осы бағытта жұмыстануда. Жақында «Әлем аздап қана мейірімді болса екен" тақырыбында ұйымдастырылған он күндік аясында іс-шаралар ұйымдастырылды.

3

«Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік танытып, жақсылық жасап, қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру мақсатында Ақтау модельді ауылдық кітапханасында "Әлем аздап қана мейірімді болса екен" тақырыбында әдеби лото өткізілді. Балаларға ертегілер оқылып, әр түрлі суреттердің мазмұнына сәйкес тізбектеліп әдеби лото жинақталып, әріптерден құрылған кубиктармен сөздер құрастырды. Шара соңында қатысқан әр балаға сыйлықтар табысталды.

«Дән» ауылдық кітапханасында әдеби мозайка ұйымдастырылып ерекше топ оқырмандарына сүйікті кітаптарын оқып, «Кел, танысайық» ойыны ойнатылып, әр түрлі сұрақтарға жауап алынды. Балалардың ойын арқылы көңіл-күйлері көтеріліп, кубиктен мозайка құрастырып, мерзімді басылымдармен танысты.

Ақбұлақ ауылдық кітапханасында  да "Әлем аздап қана мейірімді болса екен" атты библиофреште келушілерге жаңа басылымдарға шолу жасалып, шара барысында кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттер мен жаңа басылымдар оқырмандарға таныстырылса,  Шыңғырлау аудандық кітапханасы аудандық «Психологиялық-педагогиқалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекесінің  балаларының қатысуымен «Әлем аздап қана мейірімді болса екен» атты  квест-ойыны өткізілді. Шара барысында балалардың қатысуымен  ертегілер желісі бойынша ойындар ойнатылды. Балалардың  жұмбақтар жасыру арқылы ойын сергітіп, жасырылған ертегілердің  атын атап, ертегі кейіпкерлерінің есімдерін тауып және түрлі викториналық  ойындар ойнатылса, Шоқтыбай модельді ауылдық кітапханасында тренинг-жаттығулар ұйымдастырылды.

"Мейірімділік әлемді құтқарады" деп жиі айтамыз. Ендеше, қамқорлыққа мұқтаж жандарға мейірімімізді төгіп, қай кезде де қамқорлық танытып, қол ұшын соза жүрейік.

М. Жаимова,

Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған 

кітапханасының балалармен жұмыс жүргізу әдіскері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале