Бүгін Орал қаласында бұқаралық ақпарат құралдары күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Қоғаммен бірге тыныстаған ақпарат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев құттықтады.
Осы шарада сырымдық журналист, «Жайық Пресс» ЖШС Сырым аудандық филиалы, «Сырым елі» қоғамдық - саяси газетінің жауапты хатшысы Шынар Молданиязова Қазақстан Журналистер Одағының алғыс хатына ие болды. Басқарма төрағасы С. Матаев әріптесімізге отандық журналистиканың дамуына үлес қосқаны және ұзақ жылдық жемісті қызметі үшін берген.
Айта кетейік, Шынар Молданиязова 2021 жылдан бері Одақтың мүшелігінде. Журналистің қаламынан шыққан ақпарат, репортаждарды оқырман сүйіп оқиды. Шынар Молданиязованың прозалық шығармалары да бар.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы