Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов пен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешев Ұзынкөл және Борсы ауылдық округерінде болып, шаруа қожалық иелерімен кездесті.
Ұзынкөл ауылдық округіне қарасты «Ғазез», «Жасболат», «Самал», «Үміт», «Мұқтарған», «Бекзат», «Степное», «Жеңіс», «Ерлан», «Қайыр» қожалықтары шөпті шауып, қыс қамын ойлағанмен, жағдай көңіл көншітпей тұр.
Аталған округтің әкімі Назар Шәріпов, қожалық иелері мен ауыл тұрғындары биыл мал азығының қажетті мөлшерін жинап алу қиындық туғызатынын жеткізді. Ал Борсы ауылдық округінде жағдай керісінше. Округке қарасты «Номад-Ел», «Инабат», «Ұлболсын», «Ғабдірахим» атты қожалық иелерімен кездескен басшы-қосшылар қыстақтарын көріп, техникалардың жұмысымен, мал азығының дайындығы барысымен танысты.
Борсы ауылдық округінің әкімі Зинхар Бақтығалиевтің айтуынша, биыл мал азығын жүз пайыз дайындамасақ та, округ тұрғындары шөппен қамтылатын болады деді.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы