Теректі ауылында орналасқан дауыс беру учаскесіне келіп жатқан адамның қарасы көп. Солардың қатарында белсенділік танытып, дауыс беруге ұжыммен ұйымдаса келген мекемелер де бар.
Мәселен, «Достық» үйінің ұжымы 100 пайыз дауыс беріп болды. Сондай-ақ Құмақсай ауылдық округіндегі №355 референдум учаскесіне 442 адам тіркелген. Оның ішінде үйден дауыс беретіндердің саны — 34.
Дәл қазір олар, яғни 34 адам түгел дауыс беріп болды.
Самал Жамет
Теректі ауданы