Бөкей ордасы аудандық мәдениет үйінде түрлі сала бойынша жылдың үздік жастарын марапаттау салтанаты өтті.
Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов жыл үздгі деп танылған аудан жастарын құттықтап, олардың қатысымен атқарылған игі істер, жастарға жасалған қолдау шаралары мен еңбек көзін туған жерден тапқан жас кәсіпкерлердің бастамалары туралы айтып, жақсы іс жалғасын табуын тіледі.
Адам өміріне араша болған Асылхан Темірханов «Жыл жаңалығы», көптің алғысын алған Мөлдір Абатова «Үздік жас медицина қызметкері», саралжындық жаңашыл ұстаз Бақыт Асыл «Үздік жас ұстаз», пауэрлифтингтен ҚР чемпионы Әдемі Хамит «Үздік жас спортшы», түрлі деңгейдегі әдеби-шығармашылық, танымдық пән байқауларының жүлдегері, М-С.Бабажанов мектебінің шәкірті Нұршат Мұхамбетқали «Үздік жас мектеп көшбасшысы», Бөкей ордасы колледжінің студенті Аяужан Маратова «Үздік студент», ханордалық балабақша тәрбиешісі Нұржамал Сарғұлақова «Үздік жас маман», жолаушы тасымалын кәсіп қылған сайқындық Өмірбек Ахатов «Үздік жас кәсіпкер», республикалық байқаулардың жүлдегері Нұрсәт Сұлтанияр «Үздік жас өнерпаз» және Айтқазы Хамидоллин «Үздік жас ерікті» номинацияларына ие болды.
Ұлпан Әнуарқызы
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер