20.11.2023, 16:30
Оқылды: 26

Жымпиты арқылы аптасына 9000 жүк көлігі өтеді

Бүгін Сырым ауданына жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев келді.

сырым

Өңір басшысы Жымпитыға аялдап, Самара - Шымкент тас жолының бойынан бой көтеріп жатқан автокемпингтің құрылыс қарқынымен танысты.

Махамбет Досалиев басқаратын «Бұлан» шаруа қожалығының негізгі бағыты - мал басын асылдандыру және көбейту.

 2022 жылы шаруашылық жұмыс аясын әртараптандыру мақсатында жол бойынан сервистік қызмет көрсететін автокемпинг құрылысын бастады. Жоба құны - 600 миллион теңге.

Бүгінде нысанның құрылысы 85 пайызға аяқталды.

сырым кемпинң

2024 жылдың екінші жартысынан кейін кафе, аспан астындағы мейрамхана, қонақ үй, көлік жуу бокстары жолаушыларға қызмет көрсетуді бастайды. 15 адам жұмыспен қамтылады деп күтіліп отыр.

Нариман Төреғалиев автокешеннің құрылыс сапасын жоғары деп бағалады.

- Жымпиты ауылының үстімен аптасына 9000 жүк көлігі өтеді. Сондықтан «Бұлан» ШҚ жаңа жобасының болашағы зор. Шаруашылық ісін әзірге өз қаражатының есебінен жүзеге асыруда. Алдағы уақытта қолданамын десе, мемлекеттің қолдау бағдарламалары дайын, - деді Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов.

 

Бауыржан Ширмединұлы, 

Фотоға түсірген: Айжан Амангелдина

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале