Қазақта «Жол бойында жомарт отырады» - деген сөз бар. Сырым ауданы аумағында бүгінгі күні халықаралық Самара-Шымкент автожолы бойында 3 қонақ үй, 9 тамақтанатын орындар және 6 жанар-жағармай бекеттері жолаушыларға қызмет көрсетеді.
Қосымша аудан орталығында 2 автокемпинг кешені қызмет көрсетуде. «Жібек жолы» автокемпингі 16 адамды жұмыспен қамтып отырған болса, биылғы жылы ашылған «ALAN tir parking» автокемпингі 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, күніне 150-200 адамға қызмет көрсетуде.
Ауданның транзиттік потенциалын арттыру мақсатында ауданның бас жоспарына Сырым ауданының аумағының шекарасын Ақтөбе облысы бағытына қарай 1 км, Орал қаласы бағытына қарай 2 км-ге арттыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Енгізілген өзгерістердің негізгі мақсаты – аудан экономикасын дамытып, шағын кәсіпкерлік нысандарын көбірек ашу, кәсіп иелері мен тұтынушыларға қолайлы жағдай тудыру болып табылады.
Осыған орай ауданымыздың аумағында кәсіпкерлік саласын дамытуға ниет білдіруші азаматтарды ауданымыздың әлеуетін көтеру бағытында бірге жұмыстануға шақырамыз.
Жұмагелді Батырниязов,
Сырым ауданының әкімі