4.05.2024, 11:30
Оқылды: 56

Жымпиты жәрмеңкесі жаңа маусымды бастады

Бүгін Сырым ауданында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі басталды. Жаңа маусымның алғашқы жәрмеңкесіне Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов келді.

IMG_0333

Малдың ауызы көкке, ауылдастың ауызы аққа тиген берекелі уақытта жәрмеңке сөресі сүт өнімдеріне толып тұр.

Заузаның майының келісі 6000 - 6500 теңгеден сатылуда. Үйдің жұмыртқасы 70 теңгеден, ірімшік келісі 1500 - нан сатылып жатыр. Сиыр етінің келісін 2400 - ден ұсынып жатыр мал иелері.

IMG_0335

Жәрмеңке сөресіне “Ауыл аманаты” бағдарламасы бойынша несие алып, кәсібін бастаған тұрғындардың да төл өнімдері шықты. Талдыбұлақтық “Нұрай” жеке кәсіпкерлігінің қаймағы мен сары майы, сүзбесі мен ірімшігі - елдің іздеген тауары.

Ал, Шолақаңқаты ауылдық округіндегі “Дәрмен” жанұялық еңбек ұжымының аскөк пен жаңғақ қосылған ірімшігі мен отта алты сағат қайнатылған қызыл қою айранын халық ықылыспен сатып алды. 1,5 литр айран - 600 теңге.

IMG_0331

Жәрмеңкеге ауданға қарасты барлық округтің шаруалары қатысты.

Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Асхат Бисенғалиевтің айтуынша, келесі аптада жәрмеңкеге жеміс ағаштарының көшеттері мен үй құстары келеді.

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале