23.05.2023, 17:00
Оқылды: 21

Жымпиты жұртымен жүздесу

Әкімдердің халықпен кездесу жиыны Жымпиты ауылында өтті. Жиынға Сырым ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов пен Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев қатысты. Ауыл әкімі өткен жылы және биылғы жылдың І тоқсанындғы кездесуде көтерілген мәселелерден «Балдырған» балабақшасы жанынан автотұрақ бейімдеу, Жымпиты ауылының Амангелді мен Қаратаев көшелерінің қиылысына бордюр орнату, С.Датов көшесіндегі базар алаңына бордюр орнату жұмыстары ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында жүзеге асатынын айтты. Жымпиты ауылының Ә.Молдағұлова, Сағырбаев, Өребаев, Әлібеков, Оспанов, Өлеңті ауылының Ақдала, Жағалау көшелерін жарықтандыру үшін 1000 м арнайы кабель алынып, қосымша қажетті жабдықтар мемлекеттік сатып алу порталына енігізілді.  

b47ba4c7-cf2b-4e35-aa08-2874e840bf73

Абай көшесіне ұзындығы 700 м жаяу жүргіншілер жолы салынды. Ескі көпір ретке келтірілу үстінде. Қаратаев, Асадуллин, Молдағалиев көшелерінде контейнер қоршалды. Ауылдан балалар ойын салу үшін ұсыныс тиісті мекемелерге жолданды.

Биыл Жымпиты ауылдық округінде бірқатар жұмыс іске аспақ. Өлеңті ауылынан спорт алаңы салынады. Өлеңті өзеніндегі аспалы көпір ретке келтірілді. Өлеңті ауылының арғы бетіндегі Күсепқалиев көшесінің су жырып кеткен жолына топырақ төселіп, биіктетіледі. Шағырлой ауылына тартылатын су трассасынан Саралжын елді мекеніне бір жерге су тартып, одан тағы екі жерге құдық орнатып, барлығы үш жерге су нүктесін  қою жоспарланып отыр. Ж.Молдағалиев, Б.Момышұлы, С.Жонысов, Е.Сатаев  көшелерінің жолдарына күрделі жөндеу жүргізіледі.

f8915822-7876-4fff-89e6-e698e98d625f

Ауыл тұрғындары тарапынан су тасқынының алдын алу мақсатында  дамба қою мәселесі, «Мерей» моншасының алдына асфальтты жол салу, «Алтын ұя» балабақшасына жол салу, мал бағымы, мал ұрлығының ашылмауы, Әйтеке би  көшесіне жаяу жүргінші жолын салу, орталық базардағы дүкендердің алдына тұрақ салу, бордюр қою, ауыл тазалығы, зираттарды қоршау мәселелері  көтерілді.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов:

«Мал бағымына, малдың жоғалуына  алдымен тұрғындар өздері жауапты,  малды бақташының алына салып беріп, кеште өрістен қарсы алса, мал жоғалмайды.  Бақташының еңбегін уақытылы төлемесе, қандай бақташы тұрақтайды? Малға бақташы шықпаса, тұрғындар ірі қараны да кезекпен баққандары жөн. Ауыл тазалығына аса мән беру керек.  Көшенің бойына тас, топырақты төгуге болмайды. Дамба жасау үшін қаржы сұралды, келесі жылы жасалады. Дүкендердің алдына «қозғалысқа тыйым салынған» деген белгі қойылды. Алайда оған қарап жатқан көліктер жоқ, ебін тауып өтіп жатыр. алдағы уақытта орталықтағы дүкендердің алдына көлік кірмейтіндей етіп, алаң жасап,  ағаш егіп, орындықтар орнатып, тек жаяу адам ғана жүретін ету қою керек. «Мерей» моншасының алдына жол салу жағын қарастырамыз. «Алтын ұя» балабақшасына дейін жол салынады», - деді.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале