Бүгін — Жымпиты ауылдық округі әкімінің сайлауы. Округ бойынша үш сайлау учаскесі жұмыс жасайды.
№290 сайлау учаскесі таңғы сағат 7-де өз жұмысын бастады. Мемлекеттік Гимн ойнап, комиссия төрағасы Берік Бисалиев сөз сөйлеп, ашты. Осы сәттен бастап, 4504 жымпитылық дауыс беруге құқылы. Таңғы сағат 7-де ең бірінші сайлаушы болып Марат Жұмағұлов келіп, өз таңдауын жасады.
№290 сайлау учаскесінде сайлаушы 1627 бар. Үйден дауыс беруге өтініш бергендер саны- 3. 1643 бюллетень дауыс берушілердің құзырында.
Байқаушы ретінде «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінен Ерік Траисов қатысуда.
Айта кетейік, Жымпиты ауылдық округінің әкімдігіне үміткер Эльдар Әубекеров, Мейрам Қайырғалиев, Айнұр Кубиева сайлауға түсуде.
Шынар Молданиязова
Сырым ауданы