25.05.2020, 14:21
Оқылды: 60

Жымпитыда екі блокбекет жұмыс жасап тұр

Коронавирус инфекциясының таралуын тежеу мен Сырым ауданында енгізілген карантиндік тәртіпті сақтау мақсатында Жымпитыда екі жерге блокбекет қойылды. Бекеттер Жымпитыны Орал, Ақсай, Ақтөбе қалаларымен және Қаратөбе ауданымен байланыстыратын жолдарды қамтып тұр.

mde

Әр бекетте екі тәртіп сақшысы тәулік сайын және бір медициналық қызметкер 12 сағат сайын ауысып қызмет етуде. Олар көліктердің қозғалысын, рұқсаты жоқ азаматтардың аудан-ауылға кірмеуін қадағалап, жолаушылардың дене қызуларын өлшеп жатыр.

mde

Кешегі аптада Facebook әлеуметтік желісіндегі "Оралдан не хабар?" тобында Жандос Әмірғали есімді желі қолданушысы:

- Қаратөбе ауданынан қатынайтын көліктерді Жымпитыдағы блок -бекетке неге тоқтатады? Транзит есебінде өткізіп жіберуге болмай ма? Кеше тоқтатып, қызуымызды өлшеп, журналға тіркеп, біраз уақыт алды. Осылайша адамдардың топталуына жол беріп тұр. Осы қаншалықты дұрыс? Оншақты көлік бір демде тоқтаған кезде, кәдімгідей 30 - 40 адамдық кезек пайда болады. Осы қауіпті емес пе? Бұл жөнінде кімнен біле аламыз? Өтіп кететін көліктерді тоқтатпаса болмас па екен? - деген мәселе айтты.

oznor

Бұл сауалға Сырым аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы, полиция подполковнигі Руслан Хайруллин былай деп жауап берді.

- Блокбекет көліктерді тоқтату үшін тұр. Өткен көлік тіркеліп, жолаушысы тексерілуі тиіс. Себебі Оралға немесе Қаратөбеге бара жатырмын деген көліктің ауылдың ішіне кіріп кетпесіне кім кепіл? Біздің бір көлікті Оралға, бір көлікті Қаратөбеге "шығарып салып" жүретін мүмкіндігіміз жоқ. Сондықтан тіркеу болуы керек.

mde

Кеше түнде "Сырым елі" қоғамдық-саяси газетінің журналистері полиция қызметкерлерімен бірге бекеттердің және науқастар анықталған ошақтардың басында болып, күзет жұмыстарымен танысты. Байқағанымыз, жолаушылар көліктен түсіп жатқан жоқ, полиция инспекторлары мен медқызметкерлер әр көлікпен жеке жұмыс жүргізуде. Сондықтан адамдардың топталуы болып жатыр деп айта алмаймыз.

oznor

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале