21.09.2025, 15:00
Оқылды: 188

Жымпитыда Мырзы Әлидің муралы ашылды

Қазақстанның Халық Жазушысы, «Тарлан» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Қадыр Мырза Әлидің туғанына 90 жыл толуына орай Жымпитыдағы ақын атындағы мектептің қабырғасына Қадекеңнің портреті салынды.

photo-output

Қасбетке кескін салу өнері – мурал деп аталады. Ал, бұл муралдың авторы – жымпитылық суретші Арнұр Қажымов.

Шымылдық ашар сәтте ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының Ақтөбе облысындағы филиалының төрағасы Бауыржан Құрманқұлов сөз сөйледі.

Қабырғадағы сурет сөйлеп тұр.

«Уақыт қымбат, соны ұққандар бақытты,
Әр сәтіңді қадірле деп оқытты.
Біздер болсақ үлкеніміз-кішіміз,
Оңды-солды шашып жүрміз уақытты!» - дегені оқушыларға ғана емес, ересектерге де ой салары сөзсіз.

Б. Шерім
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале