6.11.2018, 10:56
Оқылды: 28

Жымпитыда сантехниктерге сұраныс бар

Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев Жымпиты ауылдық округіне қарасты Саралжын елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Саралжындықтар кездесуде елді мекенге ауыз су тарту, мал санағын нақтылау, бұралқы иттерді жою сияқты мәселелерді көтерді.

IMG_1440

Осы күні ауданның орталығындағы тұрғындар үшін де Сырым ауданы әкімдігінің ашық есік шарасы өтті. Бұл жерде Әйтеке би көшесіндегі жарықтың жиі сөнуі, С.Сейфуллин көшесіне қосымша жол белгілерін қою, орталықтағы көшелермен ауыр жүк көлігін жүргізбеу сияқты мәселелер айтылды. Округ әкімі Арман Баяндықов тұрғындардан қоқыс төгуге арналған контейнерлерді сауатты пайдалануды сұрады.

         Тұрмыс ахуалы артқан сайын Жымпитыда сантехниктердің кәсібіне сұраныс артып келеді екен. Жиналыста аудан орталығының тұрғындары кәріз жүйесін жүргізетін, ақау анықталған жағдайда жөндей алатын шебер сантехниктер болса, Жымпитының басынан жұмыс табылады деп отыр.

IMG_1422

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале