Бүгін Сырым ауданының орталығы - Жымпиты ауылында "SINOОIL" автожанармай құю бекеті ашылды.

Жаңа нысанның ашылуына Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қатысып, сөз сөйледі. Сондай-ақ бұл шараға "SINOОIL" ЖШС бас директорының орынбасары Ерлан Сартбаев, серіктестіктің Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Рашид Дауров және "Гранд - Актив" ЖШС директоры Серік Қазиев пен ауыл тұрғындары қатысты.

"SINОOIL" ЖШС жобасын жүзеге асырушы "Гранд - Актив" ЖШС директорының орынбасары Алтынбек Ташимовтың айтуынша, "SINOОIL" автожанармай құю бекеті облыс аудандарының ішінде бірінші болып Жымпитыда ашылып отыр. Бұған Жымпитының Самара - Шымкент халықаралық магистралінің бойында орналасуы себеп болса, бекет бір уақытта 8 көлікке қызмет көрсете алады екен. Ауыр жүк көліктеріне арнайы 2 колонка қойылыпты. Жолаушылар үшін бекетте маркет және дәмхана бар. Жаңа нысанға 16 адам жұмысқа тартылса, олардың бәрі де жергілікті тұрғындар көрінеді.
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы

sdr




zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер