6.03.2017, 11:18
Оқылды: 64

Жымпитыда тай жарысы өтті

Сырым ауданының орталық стадионында «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен тай жарысы өтті. Бәйгеде жалпы саны 18 тай 4 шақырымға шапты.


Бірінші болып жымпитылық Ербол Дауыловтың Ермекбай Жұбатов атты жас шабандоз тізгіндеген «Нояны» келді. Тайлардың екінші жүлдесін де жаңағы Ербол Дауыловтың «Айқасқасы» алды. Үшінші орынды Алмас Айдынов шапқан жымпитылық Сәбит Өмірзақовтың «Айсұлу» атты тайы иеленді. Саят Ғабдахимов шапқан «Лазер» «Жеңіске деген жігері үшін» марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Қайсар» спорт клубының қаржылай сыйлықтарына ие болды. Бәйгенің басынан келмесе де, шабысы ширақ болған тайлардың шабандоздарына аудандық мәслихаттың депутаты Серік Тоқмамбетов өзінің арнайы жүлделерін тапсырды.

Тайлардан кейін құнандардың  бәйгесі болды. Жұртшылық 7 құнанның жарысын тамашалады.

 

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале