3.01.2019, 11:06
Оқылды: 58

Жымпитыда тай жарысы өтті

Сырым ауданы Жымпиты ауылындағы С.Датұлы атындағы алаңда дәстүрлі тай жарысы өтті.

syrym tai (3)

         Жарысқа қатысқан онға жуық тайдың арасынан осы жолы жымпитылық Әлібек Исмағұловтың «Жұлдыз» атты тайы мәреге бірінші келді. Шабандозы – Бекжан Сәмиғоллин. Ал екінші және үшінші орынды өлеңтілік атбегі Төлеби Қайыржановтың тайлары алды. Бұл жеңіс - Хамит Тұрлыхан шапқан «Алаяқ» пен Нұрсұлтан Өтепов шапқан «Ханшайымның» алғашқы нәтижелері ғана. Жанкүйерлер алдағы жарыстарда Төлебидің тайлары топ бастайды деп топшылауда.

         -Тай жарысының маусымы өте сәтті басталуда. Жарыс енді қызады. Келесі жолы тай жарысынан бөлек, ауыл жастары арасында аударыспақтан сайыс өткізуді жоспарлап отырмыз. – дейді «Қайсар» спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов.

syrym tai (1) syrym tai (2) syrym tai (4)

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале