Сырым ауданы орталығы Жымпитыда Қ.Мырзалиев атындағы мектепте «Жас сарбаз» сыныбының ашылу салтанаты өтті.
Лентаны қию құрметті ардагер ұстаз Ғилаж Молдашұлы мен ауған соғысының ардагері Мұрат Айдархановқа ұсынылды. Шарада аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев, Жымпиты ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, спорт ардагері, ардагер ұстаз Ғилаж Қаналиевтер жас сарбаздарды құттықтады.
«Жас сарбаз» сыныбының жетекшісі, запастағы аға лейтенант Алмас Абдрахманов аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Абат Дюсембиевке баянат жасады.
Шара соңында жас сарбаздар ант қабылдап, оларға куәліктер табысталды.
Айжан Амангелдина
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер