14.06.2025, 12:00
Оқылды: 113

Жымпитылық қария «Құрметті ардагер» төсбелгісін иеленді

Жымпиты ауылының тұрғыны Зинедден Бисекеновтың еңбек жолы көпке үлгі-өнеге.

photo-output

Ол жастай еңбекке ерте араласты.
Мектепті бітіре салысымен «Правда» газеті атындағы кеңшарда мал шаруашылығында еңбек етті, трактор, комбайн рөлін басқарды
Орал қаласындағы 2555 автокәсіпорнында жүргізуші болды, Бәйтерек ауданында егіс бригадасында еңбек еткен жылдар жадында сайрап тұр.
Сырым ауданында қызмет атқарған жылдары Зинедден Есназарұлының еңбек кітапшасында тайға таңба басқандай етіп айшықты жазылған
Соның ішінде 18 жыл аудандық атқару комитетінде көлік жүргізуші болса, бертін жылы аудандық прокуратурада қызмет атқарып зейнеткерлік демалысқа шыққан Зинедден Есназарұлы зайыбы Батимамен ұл, қыз, немере, жиен қызығына кенеліп отырған бақытты отбасы
Бүгінде 80 жастың төріне шығып отырған отбасы бәйтерегі Зинедден Бисекеновты арнайы мерейтойымен құттықтауға келген аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тимур Құбаев аудан әкімі Жұмагелді Батырниязовтың атынан жазылған құттықтау хатты, сый-сияпатты салтанатты түрде тапсырды
Сондай-ақ Зинедден қарттың өңіріне Сырым ауданының «Құрметті ардагері» төсбелгісін қадап, отбасына амандық, деніне саулық тіледі.
Зинедден қарттың мерейжасында аудандағы ардагерлер кеңесінің басшылары Мүсірбек Айташев, Ғилаж Қаналиев қатысып, ақжарма тілектерін айтты.

Б. Шерім
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале