7.04.2025, 17:00
Оқылды: 334

Жымпитылық жас футболшыларды қарсы алды

Қостанай облысы, Рудный қаласында өткен футболдан А. Шайхиев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футбол үйірмесінің оқушылары футзалдан Қазақстан Республикасының чемпионатында қола жүлдемен оралған “Сырым БЖСМ” командасын аудан басшылығы, спортшылардың ата-аналары және бір қатар ауылдың атқа мінер азаматтары темір жол вокзалынан салтанатты түрде қарсы алды.

Жас футболшыларды қарсы алды

Спортшыларды қарсы алу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Серік Тоқмамбетов жүрек жарды құттықтау лебізін білдіріп, сөз сөйледі.

Жас футболшыларды қарсы алды 1

“Жымпитының футболы” деген терминнің қалыптасуына себеп болған команданың бас бапкері Руслан Чукуровқа ерекше алғыс білдіріп, аудан атынан астына ат мінгізді. Одан бөлек, аудан мақтанышы болған футболшыларды аудан әкімі Жұмагелді Батырниязовтың қолдауымен республика деңгейіндегі футбол құрамаларымен жолдастық кездесу өткізуге мүмкіндік сыйлайтынын жеткізді.

Жас футболшыларды қарсы алды 2

Ел үмітін арқалаған футболшылардың шашбауын көтеріп, маңызды ойында жанынан табылған А.Шайхиев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бауыржан Ихсанов аудан жұртына, қолдау білдіріп, жанкүйерлік еткен спортшылардың ата-аналарына шынайы алғысын жеткізді.

Қоңдыкер Елеуов,

Сырым ауданы

Жас футболшыларды қарсы алды 4

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале