10.03.2022, 10:50
Оқылды: 28

Жырақұдықта қайырымдылық жәрмеңеесі өтті

Сырым ауданы Жырақұдық жалпы орта білім беретін мектебінде «Балаларға базарлық» акциясы аясында қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл шарада оқушылар өз қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдарын сатып, түскен қаражатты «Балаларға базарлық» жәшігіне салды.

3027E074-585B-4FE6-954B-1ACD2B3458C3

Қайырымдылық жәшігін ақшадан бөлек, мүмкіндіктеріне қарай тәттілерге толтырғандар да болды. Сонымен қатар ауыл азаматы Бейбіт Шаймарданов 15000 көлемінде  ақшалай демеушілік көрсетті.

Жәрмеңкеден жиналған қаржы пен Орал қаласындағы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығына» табыс етілді.

Міне, жырақұдықтық оқушылар өздерінің қиын тұрмыстық жағдайда қалған замандас-достарына осылай қолдау білдірді. Балалардың ісі бізге, яғни үлкен буынға үлгі болса игі.  «Аз қайырымдылық жасаудан ұялма,  өйткені ол - құралақан қайтару одан да аз" – деген Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хадисі есімізде жүруі керек.

 Мансура Құмарбекқызы

 Жырақұдық жалпы орта білім беретін мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары        

                                                                                         

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале