Шыңғырлау ауданында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 белсенді әрекет күні» атты халықаралық акция аясында «Отбасы келісімі – үйдегі бақыт» тақырыбында кеңейтілген кездесу өтті.

Шараға аудандық сот төрағасы Самал Оразғалиева, «Мәңгі қазақ елі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жанат Танабаева, Батыс Қазақстан облыстық Азаматтық Альянсының төтенше жағдайларға жедел әрекет ету жасағының командирі Светлана Тенишева, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Тағаниязов, аудандық отбасын қолдау орталығының директоры Эльвира Игильманова, аудандық полиция бөлімінің қызметкері Инна Габдуллиева қатысып,отбасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу шаралары туралы айтып өтті.
Кездесудің басты мақсаты – қоғамдағы қандай да бір зорлық-зомбылық, қысым көрсету, әлімжеттік, күш көрсету әрекеттерінің алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жәбірленушілерге көмек көрсету жолдарын түсіндіру болды.

Аудандық сот төрағасы Самал Қуанышқызы өз сөзінде отбасындағы тыныштық – елдің тыныштығы екенін атап өтіп, заң алдында әр азаматтың құқығы бірдей қорғалатынын айтып:"Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 73 б 1 б,2 б негізінде 2024 жылы 47 іс түссе оның 40-ы қаралып 7 іс біріктірлген,24 іс бойынша жаза тағайындалса,16 іс медиация тәртібімен қысқартылған.15 іс бойынша қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалса,9 іс бойынша ескерту берілген. 2025 жылы 46 іс түсті.38 қаралып,11 іс медиация тәртібімен қысқартылды. 27-сіне әкімшілік жаза тағайындалды, 8 іс біріктірілген. 27 іс бойынша шығарылған қаулы 7 ескерту, 5 айыппұл, 15 әкімшілік қамақ түріндегі жаза танылған"- деп салыстырмалы ақпарат ұсынды.. Ал «Мәңгі қазақ елі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жанат Ізімбергенқызы қоғамда бейбітшілік пен өзара сыйластықты қалыптастырудың маңызын атап өтті.Сонымен қатар,
Батыс Қазақстан облыстық Азаматтық Альянсының төтенше жағдайларға жедел әрекет ету жасағының командирі Светлана Владимировна треннинг өткізіп,төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша сұрақ жауап өткізді.
Аудандық отбасын қолдау орталығының директоры Эльвира Әділқызы:
«Бұл акция арқылы біз отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесіне қоғам назарын аударғымыз келеді. Алдын алу шаралары арқылы осындай келеңсіздіктерді болдырмауға болады. Сондықтан әр тұрғынның белсенділігі маңызды»,- деді.

Шара барысында арнайы тақырыптық ақпараттар көрсетіліп, қатысушылар арасында пікір алмасу, сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылды. Сондай-ақ Шыңғырлау ауданы Пб-нің зорлық зомбылыққа қарсы аға инспекторы полиция подполковнигі И.Габдуллиева ақпараттық парақшалар таратып,кеңес берілді.
Осындай кездесулер – қоғамда қауіпсіздік пен тыныштықты сақтау жолындағы нақты қадамдардың бірі. Зорлық-зомбылықсыз қоғам – болашақ ұрпақ үшін маңызды құндылық.
Светлана Ешматқызы,
Шыңғырлау ауданы