Бүгін әлеуметтік желіде бірнеше тұрғын жылусыз отырғанын хабарлаған болатын. Осы жағдайға орай жергілікті мемлекеттік орган өкілдері су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға берілген Орал қаласы, Орақбаев 1В мекенжайында болып, үйдің жылу жүйесін тексерді. Тұрғындарға хабарланғандай, жылу беру жұмыстары ертең басталады. Аталған үйде автономды жылу жүйесі орнатылған.